Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көркіңе көз тоймайды": Мальдив аралдарында демалыста жүрген Сабина Алтынбекова көпшілікті сүйсінтті (видео, фото)

Опубликовано:

Сабина Алтынбекова
Сабина Алтынбекова Мальдив аралдарында. Фото: Instagram/altynbekova_20

Белгілі спортшы Сабина Алтынбекова демалысын Мальдив аралдарында өткізіп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында демалыстағы суретін көпшілікпен бөлісті.

"Мальдивтегі демалыстың алғашқы күні. Шын ниетпен қарсы алғандарыңыз үшін рақмет", - деді Сабина Алтынбекова фото мәтінінде.

Бұны көрген оқырмандар спортшының сұлу екенін тілге тиек етіп, жайлы демалыс тіледі.

"Әдемісің", "Көркіңе көз тоймайды", "Өте сұлусың", "Сұлулығыңызды сөзбен жеткізе алмаймын", "Көріктісіз және сымбаттысыз", "Сұлу қыздың демалысы жоғарғы деңгейде өтсін", "Тамаша", "Естен кетпес демалыс болсын", "Сіз бұндай демалысқа лайықтысыз", "Не деген ажарлы едіңіз. Тіл көзім тасқа", "Демалыңыз ойыңыздағыдай өтсін", "Керемет жансыз", "Тал бойында бір мін жоқ арусыз", "Бұндай демалысқа лайықтысыз", - деді олар.

Еске сала кетейік, 2020 жылы жеке кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан болатын. 2021 жылы ерлі зайыптының балалары өмірге келді.

Өткен жылы волейбошы кәсіби мансабын жалғастыру туралы шешімге келді. Қазіргі кезде ол -Біріккен Араб әмірліктерінде өнер көрсететін "Әл Васл" клубының ойыншысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022065-korkine-koz-toimaidy-maldiv-araldarynda-demalysta-zurgen-sabina-altynbekova-kopsilikti-suisintti-video-foto/

pixel