Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәшкенбай мен Бибосынов таласады": белгілі промоутер боксшылар арасындағы жағдайға болжам жасады

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

2024 жылы Парижде олимпиада ойындарының өтетіні белгілі. Төртжылдықтың ірі додасында қазақстандық жанкүйерлер боксшылардан жоғарғы нәтиже күтеді. Қазіргі уақытта ел тұрғындарын "Францияның астанасында 52 келіге дейінгі салмақта кім өнер көрсетеді?" деген сауал мазалап жүр. Бұған қатысты белгілі промоутер, бокстан Қазақстан құрамасы мен "Астана Арландары" клубының бұрынғы мүшесі Жалғас Тукешов болжам жасады, деп хабарлайды bassport.kz.

"Махмұд Сабырхан 52 келіге оралмайтын шығар. Ол бірнеше жарысқа 57 келіде қатысты. Осы салмақта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанды. Жыл өткен сайын, іріленіп келеді. Сондықтан ол Серік Теміржановпен бірге 57 келіге таласатын шығар.

Ал Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегін маусым аяғында өтетін Елорда кубогінде көруіміз мүмкін.

Екеуінің арасында кім мықты екені сол жарыста анықталады деп сенемін. Бұл жерде бас бапкер де, федерация басшылығы да кім мықты, соған мүмкіндік береді.

Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов арасындағы үздікті ресми кездесуде шешіп алады деп ойлаймын.

Негізі, бұл салмақтар проблема емес. Қай боксшымызға да ел абыройын аманаттауға болады", - деді Жалғас Тукешов.

Сонымен қатар бокс сарапшысы Сәкен Бибосыновқа Ташкенттегі әлем біріншілігінде не жетіспегін ашып айтты.

"Жалпы бокста бірінші және соңғы кездесу ауыр өтеді. Егер бірінші кезеңнен өтсең, әрі қарай бабыңа еніп, күш жинай бастайсың. Бибосыновтың қарсыласы үндістандық Дипак бір жекпе-жек өткізіп, шаршы алаңды сезініп үлгерді.

Ал Сәкен біраз уақыттан бері жарысқа қатысқан жоқ, әрі бәсекені екінші кезеңнен бастады. Осының бәрі кері әсерін тигізді, өкінішке қарай.

Десе де, бұл кездесуде Сәкен қатты ұрды немесе Дипак алда тұрды дей алмаймын.

Төрешілермен келіспейтін сәттер де бар.

Үндістандық боксшыға бүйрек бұрғанын сезбеу мүмкін емес.

Үшінші раундта 5:0 ұпайын беру артықтау еді.

Бұл раундта жеңісті Сәкенге де, Дипакқа да беруге болады. Бірақ дәл бұл есеп тіркелген жоқ", - деді Жалғас Тукешов.

Айта кетейік, Парижде өтетін олимпиада ойындарында бокс жарыстары ерлер арасында сегіз салмақта, әйелдер арасында алты салмақта өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022171-taskenbai-men-bibosynov-talasady-belgili-promouter-bokssylar-arasyndagy-zagdaiga-bolzam-zasady/

pixel