Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында Қытай намысын қорғаған этникалық қазаққа 12 млн теңге сыйақы берілді

Опубликовано:

Тоқтарбек Таңатхан қызыл жейдеде
Тоқтарбек Таңатхан қызыл жейдеде. Фото: iba.sport

Бокстан әлем чемпионатында Қытай намысын қорғап, күміс жүлде жеңіп алған этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан туған қаласына оралды, деп хабарлайды meta-ratings.kz.

Былғары қолғап шеберін туған қаласында жақындары мен жанкүйерлері күтіп алған.

Сонымен қатар жергілікті әкімдік Тоқтарбекке 200 мың юань (ред. жобамен 12 млн теңге) сыйақы берген. 

Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатхан Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалға дейін жетті. Этникалық қазақ ақтық мәреде Қазақстан құрамасының өкілі Нұрбек Оралбайдан ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Еске сала кетейік, Тоқтарбек Таңатхан Токио Олимпиадасында 75 келіге дейінгі салмақта Қытай намысын қорғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022197-alem-cempionatynda-qytai-namysyn-qorgagan-etnikalyq-qazaqqa-12-mln-tenge-syiaqy-berildi/

pixel