Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшының хоккейден әлем чемпионатындағы жартылай финал матчтарына қатысты болжамы

Опубликовано:

әлем чемпионаты жартылай финал
Фото: Parimatch

Жылдың басты спорттық іс-шарасының плей-офф кезеңі өте жарқын басталды және хоккей жанкүйерлерін көптеген күтпеген жағдайлармен таң қалдырды. Осы демалыс күндері финалда чемпион мәртебесі үшін әлемнің ең мықты құрамаларының қайсысы үміткер болатындығы белгілі болады.

Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы қақтығыстарға қатысты өз болжамын ұсынды.

АҚШ – Германия

Ширек финалда АҚШ құрамасы Чехияны барынша сенімді түрде жеңген болатын. Әр кезеңде қақпаға шайбаны дәл тигізіп, америкалықтар жақсы қорғаныс шебін құрды және өз қақпасын қамалда ұстап, матчты 3-0 есебімен аяқтаған.

Қарсыластардың ендігі бір жұбында Германия финалға басты фавориттердің бірі – Швейцария құрамасын ығыстырды.

Командалардың соңғы кездесуі 15 мамырда топтық кезең аясында өткен болатын. Содан кейін матч америкалықтардың пайдасына 3-2 есебімен аяқталды. Бір қызығы, АҚШ командасы қатарынан сегіз матчта жеңіске жеткен, оған қоса ол ойындардың әрқайсысы негізгі уақытта аяқталып отырған.

Сарапшының айтуынша, америкалықтар соңғы әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, финалға жетуді көздеп отыр, сондықтан олар бұл кездесудің фавориті болып саналады. Немістердің дайындығы өте жақсы, сондықтан бірнеше қауіпті сәттерді жасай алатыны сөзсіз.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

АҚШ – 1.54, тең ойын – 4.80, Германия – 5.10

Канада – Латвия

Канада өткен жылы уысынан жіберіп алған алтын үшін Финляндия құрамасынан реванш алды, ал Латвия болса, тарихта алғаш рет хоккейден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Екі команданың барлық жеке кездесулерінде Латвия құрамасы канадалықтарды 17 шайқаста тек бір рет қана жеңе алды. Ол өткен жылғы чемпионаттың топтық кезеңінде болған. Бұл жолы латвиялықтардың жолы болмады: Канада құрамасы 6:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Енді алда жартылай финал бар. Константин Пушкарев канадалықтар мықты команда екенін тағы да дәлелдейтініне сенімді. Сарапшының айтуынша, Латвия құрамасы, 1/4 финалындағы тарихи жеңістен кейін агрессивті ойын көрсетуі мүмкін, бірақ финалда екі хоккей алыптары – АҚШ пен Канада бас түйістіретін болады.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Канада – 1.37, тең ойын – 5.50, Латвия – 7.10

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2022239-sarapsynyn-xokkeiden-alem-cempionatyndagy-zartylai-final-matctaryna-qatysty-bolzamy/

pixel