Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәшкенбай мен Оралбайға Астана қаласының әкімі үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті (фото)

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Ташкентте өткен әлем біріншілігінде топ жарған Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбайға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді.

Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық.

Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!" - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов Ташкенттегі әлем біріншілігін қорытындылаған еді.

13 мамырда Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

Ал 14 мамырда Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды.

Ташкенттегі байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Халықаралық бокс федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, байрақты бәсекенің чемпиондарына - 200 мың, екінші орын алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілген.

Яғни, қазақстандық төрт боксшы 200 мың доллардан алған. Олар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай.

Ал Дулат Бекбауов 100 мың долларға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022256-taskenbai-men-oralbaiga-astana-qalasynyn-akimi-us-bolmeli-paterdin-kiltin-tabys-etti-foto/

pixel