Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық теннисші 2 сағаттан астам уақыт матч өткізіп, Ролан Гаррос турнирінің финалдық кезеңіне шықты

Опубликовано:

Тимофей Скатов
Тимофей Скатов. Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалында жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Іріктеу сайыстарының финалында отандық теннисші әлемнің 165-ракеткасы, Бразилия өкілі Мелигени Родригес Алвес Фелипемен шеберлік байқасты.

2 сағаттан астам уақытқа созылған матчта Қазақстанның екінші ракеткасы жеңіске жетті. Есеп: 2:6, 7:5, 6:3.

Осылайша, Тимофей Скатов мансабында алғаш рет Ролан Гарростың негізгі додасына жолдама алып отыр.

Одан бөлек Франция ашық чемпионатында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик өнер көрсетеді.

Ол іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненді ұтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022257-otandyq-tennissi-2-sagattan-astam-uaqyt-matc-otkizip-rolan-garros-turnirinin-finaldyq-kezenine-syqty/

pixel