Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Оливер Канды "Баварияның" чемпиондық атағын тойлауға кіргізбей қойды

Опубликовано:

Оливер Кан
Оливер Кан. Фото: instagram/oliverkahn

Футболдан Германия құрамасы мен "Бавария" клубының бұрынғы қақпашысы Оливер Канды басшылық жұмыстан қуып жіберді. Бұл туралы ардагер ойыншы өзінің желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сенбі күні мюнхендік клуб өз тарихында 11-рет Германия чемпионы атанды. Алайда бұл қуанышты сәтті бірге атап өтуге клубның бас директоры Оливер Кан жіберілген жоқ.

"Менің құттықтауымды қабыл алыңдар! Істі соңына дейін апарып, ешқашан берілме деп үнемі айтатынмын. Бұл жетістікті ерекше мақтан етемін. Сіздермен бірге қуанышты атап өтер едім, өкінішке қарай, бүгін бірге бола алмаймын. Өйткені менің баруыма клуб тыйым салды. Келесі маусымда асыға күтемін", - деп жазды Кан.

Еске сала кетейік, "Бавария" чемпион атанған соң клуб басшылығы Оливер Канды бірден жұмысынан босатқан.

Оливер Кан Германия құрамасы сапында 2002 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын естеріңізге саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2022445-aigili-oliver-kandy-bavariyanyn-cempiondyq-atagyn-toilauga-kirgizbei-qoidy/

pixel