Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпионмен өткен пикник және нунчаки бойынша шеберлік сабағы: алматылықтардың демалыс күндерінен үзінді

Опубликовано:

Фараби Давлетчин
Фараби Давлетчин. Фото: Parimatch

Өткен демалыс күндері тауға шығудың жазғы маусымы қызықты басталды. Оны тхэквондодан әлем чемпионы және танымал #bottlecapchallenge трендінің авторы Фараби Давлетчин өзінің ресми серіктесі Parimatch компаниясымен бірге ұйымдастырды. Кездесу барысында қатысушылар нунчакиді дұрыс сермеуді және қауіпсіздікті сақтай отырып созылуды үйренді. Ал егер сіз қызықты оқиғаны жіберіп алсаңыз, осы мақаланы оқи отырып, шабыт алыңыз.

27 мамырда Алматы қаласында бірінші рет "Чемпионмен пикникке" атты шеберлік сабағы өтті. Ашық аспан аясында белсенді әуесқойлар мен аталған шараға қатысуға ниет білдірген жандар қазақстандық танымал спортшы Фараби Давлетчинмен бірге тауға көтерілді. Іс-шара 30-дан астам қатысушының басын қосты.

Йога
Фото: Parimatch

Саяхат таңертең Медеудегі субұрқақтан басталды, кездесуге асыққан алғашқы 50 қатысушыға марапат ретінде Parimatch компаниясының әзірлеген "чемпиондық қораптары" табысталды.

"Біз спортқа деген қызығушылықтың көбіне ойлаумен қатар жүретіндігіне сенімдіміз, сондықтан қазақстандықтарға спорт міндетті түрде тер төгетін жаттығулар және қымбат абонементтер емес екендігін көрсету маңызды болды. Спортпен кез келген уақытта, кез келген қарқынмен және көңілді ортамен бірге айналысуға болатынын жеткізуді мақсат еттік. Ал «Горельник» сарқырамасына көтерілу – алматылықтар үшін ең қолжетімді әрі әдетке айналған бағыт. Осы орайда біз Фараби Давлетчинге тәлімгерлігі мен елгезектігі үшін және жаңадан бастаған спортшыларды ынталандыра алғандығы үшін ерекше алғыс айтамыз", - деген ойын жеткізді Parimatch Kazakhstan компаниясының коммуникациялар бөлімінің басшысы Мария Богородская.

Фараби Давлетчин
Фараби Давлетчин. Фото: Parimatch

Жеңіл жаттығулармен бой жазып алған соң экспедиция "денсаулық баспалдақтарын" бағындыруға көшті, бөгетке дейінгі 842 баспалдақта спортшылар дем алып, тау көріністерін тамашалады. Әрі қарай, "Горельниктегі" арнайы белгіленген жерге көтеріліп, Давлетчин нунчакиді сермеп-созу бойынша екі қызықты шеберлік сабағын өткізді.

"Жалпы бәрі көңілді өтті. Жылынып, әуен ырғағына ілесіп, баспалдақпен бірге көтерілдік. Біреулер уақытты өлшеп жатты - қатысушылардың бірі 8 минутта шыңға шықты. Алайда мен үшін Горельникке дейін жетіп, бізбен бірге маршрутты толық жүріп өткен әр қатысушы мақтауға лайық. Белсенділері нунчаки шеберлік сабағына да қатысты. Таза ауада серуендеп, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мұндай шаралар жиі өткізіліп тұруы керек деп ойлаймын. Серіктесім Parimatch компаниясымен бірге біз келесі пикникті жоспарлап жатырмыз. Сондықтан мен баршаға жаңалықтарды қадағалап, дайын болуға кеңес берер едім!" – деді тхэквондо мен хапкидодан әлем чемпионы, Parimatch Kazakhstan компаниясының амбассадоры Фараби Давлетчин.

Спорт
Фото: Parimatch

Іс-шараның белсенді бөлігі осылай аяқталып, қатысушылар пикникте демалуға, сонымен қатар чемпионмен бейресми жағдайда суретке түсіп, әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Parimatch-пен бірге тауға шыққан алғашқы сапардың атмосферасын тереңірек сезіну үшін бейнематериалды қараңыз:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022508-cempionmen-otken-piknik-zane-nuncaki-boiynsa-seberlik-sabagy-almatylyqtardyn-demalys-kunderinen-uzindi/

pixel