Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы матчқа шығуы мүмкін құрамы анықталды

Опубликовано:

Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы дайындық кезінде. Максим Самородов ортада. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасының Сан Марино және Солтүстік Ирландиямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Кеңейтілген тізімге 34 футболшы енді.

Қақпашылар: 

Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада (екеуі де – "Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат");

Қорғаушылар: 

Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – "Тобыл"), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы – "Астана"), Талғат Кусяпов ("Каспий"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Химки", Ресей);

Жартылай қорғаушылар: 

Рамазан Оразов ("Тобыл"), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – "Ақтөбе"), Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – "Астана"), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Мирас Тұрлыбек ("Ақсу"), Еркін Тапалов ("Қызылжар");

Шабуылшылар: 

Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – "Астана"), Абылайхан Жұмабек ("Ақтөбе"), Айбар Жақсылықов ("Ордабасы"), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де – "Қайрат"), Ислам Чесноков ("Тобыл");

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев командасы Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын "Эннио Тардини" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды.

Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, "Уиндзор Парк" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2022626-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-aldagy-matcqa-syguy-mumkin-quramy-anyqtaldy/

pixel