Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Боксты емес, ақшаны ойлап кеттім": Асланбек Шымбергенов екі жыл бұрынғы жеңілісіне не себеп болғанын түсіндірді

Опубликовано:

бокс
Асланбек Шымбергенов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан командасының капитаны, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Qazaq Ring жобасында қонақ болды. Ол Сербиядағы жеңілісіне не себеп болғанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2021 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында Гиясовты (Шахрам Гиясов - ред.) ұтып алдым. Әлем чемпионатындағы ең мықты қарсыласымды жеңдім десем де болады. Соны ұтып алған соң маған бәрі: "Сен чемпионсың", - деп жазып, құттықтап жатыр. Кейінгі кездесуде неміс боксшысын үшінші раундта нокдаунға жібердім.

Содан кейін маған балалар телефон соғып: "Досым, маған машинаңды қарызға берші. Саған әкім береді ғой", - дейді. Сол кездерде мен алдағы жекпе-жекті емес, ақшаны ойлап жүрдім. Әкімге барамын, ақша аламын, машина аламын, ат мінгізеді... Ойымның бәрі осындай боп кетті.

Келесі жекпе-жекке шықтым, ұтылып қалдым. Неге? Өйткені ойым басқа жақта ұшып жүр. Ұтылдым. Бұл маған үлкен сабақ болды. Өз-өзіммен жұмыс істедім. Азия чемпионатында өзімді қамшыладым. Оңай өтетін қарсыластарды да қиын деп есептедім", - дейді Шымбергенов.

Асланбек Шымбергенова 71 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.

Ол финалда өзбекстандық Саиджамшид Жафаровтан басым түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022635-boksty-emes-aqsany-oilap-kettim-aslanbek-symbergenov-eki-zyl-buryngy-zenilisine-ne-sebep-bolganyn-tusindirdi/

pixel