Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи оқиға: Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке кірді

Опубликовано:

Рыбакина
Рыбакина корттта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты.

Sports.kz мәліметінше, рейтингтің live-нұсқасында Елена Рыбакина төртінші сатыдан үшінші орынға көтерілген.

Сонымен қатар көш басында да өзгеріс тіркелді. Бірінші орынға Беларусь өкілі Арина Соболенко шығып, польшалық Ига Швентек екінші сатыға сырғыды.

Бұндай өзгеріс ойыншыларға былтырғы Ролан Гаррос турнирінің рейтингтік ұпайлары есептелгенімен байланысты болған.

Жалпы WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланбақ және теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде қалай өнер көрсететініне байланысты болады.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесіп, жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022772-tarixi-oqiga-rybakina-alemdik-reitingte-uzdik-ustikke-kirdi/

pixel