Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы Жансель Дениз Бакудегі әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда ұтылды

Опубликовано:

Жансель Дениз әлем чемпионатында
Жансель Дениз. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан 26-шы әлем чемпионатында тәжірибелі Жансель Дениз жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екінші жарыс күнінде ұлттық құрама сапынан Самирхон Абабакиров (58 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) шығып, ешқайсы жүлдеге қол жеткізе алмады.

Тәжірибелі Жансель Дениз Грекия құрамасының осы салмақтағы көшбасшы Анастасия Делидимитрис пен испаниялық Белен Моран Ромероны таза ұтып, ширек финалға шыққан. Бұл кезеңде ол Полина Ханнан (Ресей) жеңіліп, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Ал Самирхон Абабакиров алжирлік Саиф Меджахед пен америкалық Уильям Каннингемнен үстем түсті. Өкінішке қарай, 3-айналымда отандасымыз осы салмақтағы әлем рейтингінің көшбасшысы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, тунистік Мұхаммед Халил Жендубидің мықты екенін мойындады.

Нұрай Құсайынова португалиялық Мафальда Коельо мен чехиялық Ивета Жиранкованы жеңіп, бәсекені сенімді бастаған. Осыдан кейін оның жолын 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы әлем чемпионы, франциялық Магда Виет-Энен кесті.

Бүгін Баку даянгына Нұрлан Мырзабаев (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг) мен Ботакөз Қапанова (49) шығады.

Жалпы биылғы додаға 145 елден мыңға тарта таеквондошы жиналды. Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқаны таеквондодан XXVI әлем чемпионаты. Биылғы дода Халықаралық таеквондо федерацясының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Алдағы аптада мұнда Париж Олимпиадасына қажет ұпайлар сарапқа салынады. Бұл спортта рейтингі ең жоғары бәсеке – Олимпия ойындары (G20). Одан кейін әлем чемпионаты (G14), Гран-придің финалы (G10) мен Гран-при санатындағы жарыстар (G6) тұр. Әлем чемпионы 140 балл алса, күміс жүлде үшін 84, қолаға 50 ұпай беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022777-qazaq-qyzy-zansel-deniz-bakudegi-alem-cempionatynda-zuldege-bir-qadam-qalganda-utyldy/

pixel