Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеңес Рақышев Мырзағали Айтжановқа көлік мінгізді

Опубликовано:

Мырзағали Айтжанов сұхбат барысында
Мырзағали Айтжанов. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа көлік мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкеріне темір тұлпардан бөлек 25 мың доллар сыйақы берді.

Айта кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов Ташкенттегі әлем біріншілігін қорытындылаған еді.

Өзбекстан астанасындағы байрақты бәсекеде Ұлттық құраманың бес боксшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай чемпион атанса, Дулат Бекбауов финалда өзбек боксшысынан жеңіліп, екінші орынды қанағат тұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022820-kenes-raqysev-myrzagali-aitzanovqa-kolik-mingizdi/

pixel