Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық теннисші Ирандағы жарыстың жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Григорий Ломакин
Григорий Ломакин. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысының чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.

Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Григорий Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездесті.

Тартысты ойында қазақстандық-ресейлік жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Григорий Ломакин жұптық сында ATP Live рейтингісінде 247-ден 246-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Ломакин жарыстың жекелей сынында ширек финалға дейін жетіп, ресейлік Денис Клокқа есе жіберді (1:6, 2:6).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2025533-otandyq-tennissi-irandagy-zarystyn-zenimpazy-atandy/