Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Астана" футбол клубының алғашқы қарсыласы туралы не білеміз

Опубликовано:

Абзал Бейсебеков
Абзал Бейсебеков. Фото: fcastana.kz

"Астана" футбол клубының Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елордалық клубтың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, турнирдің алғашқы айналымында "Астана" футбол клубы тбилисилік "Динамомен" шеберлік байқасады.

Қос ұжым арасындағы алғашқы матч 11/12 шілде күні "Астана" арена стадионында өтпек. Жауапты ойын 18/19 шілдеде Грузияда болады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, "Динамо" - Грузия чемпионатын ең көп жеңіп алған клуб (19 рет Грузия біріншілігін ұтқан). Сонымен қатар тбилисилік ұжым ел кубогының он үш дүркін жеңімпазы.

Команда 1925 жылы бірінші қыркүйекте құрылған.

"Динамо" футбол клубының стадионы Борис Пайчадзе атындағы "Динамо-Арена" деп аталады. Аталған кешен 55 мың жанкүйерді қабылдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2025635-cempiondar-ligasy-astana-futbol-klubynyn-algasqy-qarsylasy-belgili-boldy/