Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпионы Нголо Канте Роналдудың басты қарсыласы атанбақ

Опубликовано:

Н'Голо Канте
Н'Голо Канте. Фото: instagram.com/nglkante

Футболдан 2018 жылы Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанған Нголо Канте Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" командасына ауысты. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жартылай қорғаушының "Челсимен" келісімшарты аяқталды. Сондықтан ол "Әл Иттихад" командасына бос агент ретінде ауысты. Футболшының жаңа клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды болмақ.

Айта кетелік, 6 маусым күні "Алтын доп" иегері, "Реал" жұлдызы Карим Бензема да "Әл Иттихад" қатарына ауысқан еді.

Нголо Канте 32 жаста. Ол "Челси" сапында Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Анлия кубогін ұтып алған.

Жалпы есебі ағылшындық клуб сапында 269 матч өткізіп, 13 гол соққан.

"Әл Иттихад" Сауд Арабиясындағы жетекші клубтардың бірі. Криштиану Роналду ойнайтын "Әл-Наср" клубының басты қарсыласы саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2025779-futboldan-alem-cempiony-ngolo-kante-ronaldudyn-basty-qarsylasy-atanbaq/