Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұсауын кестік": отандық жанкүйерлер Роналдудың Қазақстанға қарсы өткізген ойынын қызу талқылауда (фото)

Опубликовано:

Криштиану Роналду мен Фархадбек Ирисметов матч барысында
Криштиану Роналду мен Фархадбек Ирисметов: instagram/kff_team

Әлем футболының аңызы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 200 ойын өткізіп, рекорд орнатты. Қазақстан футбол федерациясы әйгілі ойыншысы осы жетістігімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 200 рет алаңға шыққан тұңғыш футболшы атанды. Осыдан 20 жыл бұрын португалиялық ойыншы біздің құрамаға қарсы ойында дебют жасаған болатын. Аңыз футболшыны және Португалия құрамасын осындай керемет жетістікпен құттықтаймыз!", - деп жазылған Қазақстан футбол федерациясының ресми Instagram парақшасында.

Сондай-ақ федерацияның ресми парақшасында Криштиану Роналдудың Қазақстан құрамасына қарсы ойнаған матчтарынан естелік суреттер салынды.

Осы орайда, жанкүйерлер Роналдудың ұлттық құрамадағы тұсауын қазақтар кескенін жарыса жазуда.

"Қазақстан командасымен ойыннан кейін бағы жанды", "Тұсауын кестік", "2003 жыл. Криш деюбті. Бөлешовтың промахы. Қазақстан 1 гол жіберіп, сенсация жасағаны әлі есімде... ", "Криш инстаграм постына "тұсауымды қазақтар кесті" деп салса болатын еді ғой", "Бұл да бір тарих", "Біз бақыттымыз", "Тұсауын қазақтар кесті", - деп пікір қалдырды жанкүйерлер.

Айта кетелік, Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы ең алғашқы ойынын 2003 жылдың 20 тамызы күні Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

Кейін 2008 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Алматының орталық стадионында ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2025922-tusauyn-kestik-otandyq-zankuierler-ronaldudyn-qazaqstanga-qarsy-otkizgen-oiynyn-qyzu-talqylauda-foto/