Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мекенжайын жіберіңіздер": белгілі боксшы Батыр Жүкембаев чемпиондарға үндеу жасады (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: sports.kz

Белгілі қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев әлеуметтік желідегі парақшасында өз салмағындағы чемпиондарға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген чемпиондар, қайдасыңдар? Олардың мекенжайын маған жіберіңіздер. Барлығына дайынмын", - деді ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Кадрдан Батыр Жүкембаевтың жаттығу залында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, АҚШ өкілі Теренс Кроуфомен суретке түскенін аңғару қиын емес.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы кездесуін өткен жылы желтоқсан айында Алматы қаласында өткізіп, оңтүстік африкалық Ксолани Мкотхелиді алтыншы раундта нокаутқа түсірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2026066-meken-zaiyn-ziberinizder-belgili-bokssy-batyr-zukembaev-cempiondarga-undeu-zasady-foto/