Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихи нәтиже": Қазақстанның бірінші ракеткасы Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

Опубликовано:

Александр Недовесов
Александр Недовесов. Фото: ktf.kz

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Илкли челленджер турнирінің жартылай финалында отандық теннисші мен эквадорлық Гонсало Эскобар бельгиялықтар Зизу Бергс - Йорис де Лоремен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында 7:6 (7:3), 7:5, 10:5 есебімен қазақстандық-эквадорлық жұп жеңіске жетті.

Ойын екі сағатқа жалғасты.

Енді Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар ақтық мәреде америкалық Роберт Гэллоуэй – аустралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2026070-tarixi-natize-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-ulybritaniyadagy-turnirdin-finalyna-syqty/