Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакинаның жеңісіне әйгілі Федерер мен ханшайым Кейт Миддлтон қол соқты

Опубликовано:

Кейт Миддлтон мен Роджер Федерер Елена Рыбакинаға қол соғуда
Кейт Миддлтон мен Роджер Федерер. Фото: t.me/RRaketkasi

Кеше Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі алғашқы ойынын өткізді. Кездесуге әлемге танымал тұлғалар келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елена Рыбакина әлемнің 48-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен орталық кортта ойнады. Бұл матчты тамашалаған көрермендер қатарында әлемге әйгілі теннисші, "Үлкен дулыға" турнирлерінің 20 дүркін чемпионы Роджер Федерер мен Ұлыбритания ханшайымы Кейт Миддлтон болды.

Матч барысында Федерер мен Миддлтон ойын барысын жиі талқылап, Рыбакинаның сәтті соққыларына әйгілі теннисші қол соғып отырды.

Ал Елена Рыбакина болса, матч соңындағы баспасөз жиынында Федерердің трибунада отырғаны аздап қобалжытқанын айтты.

"Маған Роджердің ойыны ұнайтын. Мүмкін сол үшін қобалжыған шығармын. Өйткені бала кезімде мен Федерердің ойындарын ғана көретінмін", - деді Рыбакина.

Айта кетелік, Елена Рыбакина бірінші айналымда америкалық спортшыны үш сет қорытындысы бойынша ұтып, келесі кезеңге өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2027618-rybakinanyn-zenisine-aigili-federer-men-xansaiym-keit-middlton-qol-soqty/