Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды

Опубликовано:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

Дзюдодан Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрама командасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Дзюдо федерациясы ресми сайтында.

Федерация мәліметінше, 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) XІХ жазғы Азия ойындары өтеді. 24-27 қыркүйек күндері дзюдо бойынша 14 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы сапынан 14 татами шебері қатысады.

"Бүгінде ұлттық құрама Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр.

Әрине, жылдың басты додасы саналатын жарысқа құраманы жасақтау бізге оңайға соққан жоқ. Себебі қазіргі таңда құрамада барлық салмақ бойынша бәсеке өте жоғары. Соған қарамастан біз спортшылар 2023 жылдың басынан бері қатысқан Гран-при, Grand Slam сынды ірі әлемдік жарыстардағы нәтижесіне қарай іріктеп алынды.

Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшімізді саламыз", - дейді дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Құрам төмендегідей:

Ерлер: Мағжан Шамшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (+100 келі).

Әйелдер: Абиба Әбужақынова (-48 келі), Ғалия Тынбаева (52 келі), Севара Нишанбаева (-57 келі), Есмигүл Куюлова (-63 келі), Анастасия Маякова (-70 келі), Аруна Жангелдина (-78 келі), Камила Берлікаш (+78 келі).

Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2036878-dzyudodan-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-qazaqstan-ulttyq-quramanyn-tizimi-zariyalandy/