Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанкүйерлер алаңда футболдан Қазақстан құрамасының капитанын балағаттаған (видео)

Опубликовано:

Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген баспасөз конференциясында. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

"Ақтөбе - Ордабасы" арасындағы футбол матчы кезінде жанкүйерлер Асхат Тағыбергенге балағат сөз айтқан. Бұған әзірге не себеп болғаны белгісіз.

"Ақтөбе" мен "Ордабасы" клубтарының арасындағы кездесуде ақтөблік жанкүйерлер қарсылас команданың жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергенге бейәдеп сөздер айтқан. Келеңсіз жағдай видеоға түсіп қалды, деп жазады Sports.kz.

"Ақтөбе" клубының бұрынғы спорттық директоры Асхат Қалжаовтың Telegram жариялаған кадрлардан көрермендер қысыман тап болған Тағыбергенннің алаңнан қол шапалақтап кетіп бара жатқанын көруге болады.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Айта кетсек, "Ордабасы" команласы Ақтөбеге барып 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Матчтағы шыменттіктердің жалғыз голын Тағыберген соққан. Сондай-ақ ол ойынның 90+9 минуытнда пенальтиден мүлт кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2036913-zankuierler-alanda-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-kapitanyn-balagattagan-video/