Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасының чемпионы атанды (видео)

Опубликовано:

Лондон Олимпиадасында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Серік Сәпиев Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақ боксшысы ақтық сында алаң қожайыны, британдық Фредди Эванспен кездесіп, 17:9 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы раундта Серік Сәпиев белсенділік танытып, 4:2 есебімен жекпе-жекті өз пайдасына шешті. Екінші раундта Серік 6:3 есебімен өз жағдайын одан әрі жақсартып алған. Үшінші раундта да біздің спортшы үш ұпаймен басым түсті, есеп – 7:4.

Еске сала кетейік, Олимпиаданы екінші айналымнан бастаған Серік Сәпиев жапониялық спортшы Сузуки Ясухироны 25:11 есебімен ұтқан болатын. Ал ширек финалда Венесуэлалық Габриэль Пересті 20:9 есебімен ойсырата жеңді. Жартылай финалда ресейлік қарсыласы Андрей Замковойды 18:12 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/227291-serik-sepiev-london-olimpiadasynyn-chempiony-atandy-video/

jitsu gif