Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхаммед Әлидің күн өткен сайын халі мүшкілдеп барады

Опубликовано:

Атақты боксшы Мұхаммед Әлидің ет жақын туыстары ауыр салмақтағы әлем чемпионының әл-дәрмені құрып, ауыр дерттің құрсауында қалғанын хабарлады. Паркинсон ауруымен ауыратын Әлидің бұл күнде тіпті тіл қатуға шамасы келмей қалған көрінеді.

Бұл туралы Muslim.kz хабарлайды деп жазады bnews.kz хабарлады.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың басында әйгілі мұсылман боксшысының ұлы әкесінің жыл соңына жету-жетпеуі екіталай деген болатын.

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлиді білмейтін жан аз десек, артық айтпаспыз, сірә. Кәсіпқой бокстан әлемнің үш дүркін чемпионы, "Жыл боксшысы" атағын қатарынан бес жыл қанжығасына байлаған Әлидің бұдан да басқа толып жатқан атақтары жеткілікті.

Жақында атақты боксшының өмірбаянына арналған деректі фильм де көрерменге жол тартпақ. "I am Ali" деп аталатын фильмнің тұсаукесер көрсетілімі жақында болғанымен, дерт меңдеген Мұхаммедтің өзі оған қатыса алмаған. Әли жайлы айтылар аңыз да, ақиқат та көп.

Соның бірі – әйгілі боксшының Голливудтық "Даңқ аллеясының" қабырғасына жазылған есімі. 1964 жылы Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанған Әли тек атақтылардың аттары жазылған "Даңқ аллеясының" еденіне есімін жазуға үзілді-кесілді қарсы шыққан еді.

Осылайша, атақты "Даңқ аллеясындағы" мыңдаған жанның ішінде тек Мұхаммедтің есімі ғана қабырғаға жазылған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/335700-myhammed-elidin-kyn-otken-sajyn-hali-myshkildep-barady/