Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасы 40-тан асқан әйел Алматыдағы әлем чемпионатына қатысады

Опубликовано:

8-16 қараша аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт ғимаратында ауыр атлетикадан 81-ші әлем біріншілігі басталады. Осы дүбірлі доданың алдында "Алаш айнасы" бәсекеге қатысатын ең егде және ең жас спортшыларды анықтады.

Әлем біріншілігіне ресми тіркелген спортшылардың арасында ең егде спортшы әйел албаниялық Брахджа Шипоня болды. Оның жасы 41-де. Ал ең егде ер спортшы – Матам Давид Геркуле екен. Франциялық зілтеміршінің жасы 39-да.

Негізі бұл біріншілікке Әзірбайжан, Армения, Грузия, Эквадор және Өзбекстан құрамалары жас спортшыларын алып келген көрінеді. Мысалы, ең жас ер спортшы өзбекстандық Адхомжан Ергашов болып тұр. 56 келіде өнер көрсететін бұл спортшының жасы небәрі 15-те.

Ең жас ер спортшылар арасында екінші орында да өзбекстандық спортшы. 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Фарходбек Собировтың жасы 17-де екен. Ал үшінші орында грузиялық Георгий Шкейдзе тұр. 105 келі салмақта сынға түсетін Георгийдің де жасы 17-де. Алайда, ол Фарходбектен бір айға үлкен.

Ең жас әйел спортшы ұлыбританиялық – Ребека Тайпер. Оның жасы 15-те. Екінші орында эквадорлық Санмартин Матит Элизабата. Элизабетаның жасы 17-де. Үшінші орында екі бірдей әзірбайжандық спортшылар Гулчин Ализеда мен Элеанора Аббасовалар тұр. Екеуінің де жасы 17-де.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/338974-zhasy-40-tan-askan-ejel-almatydagy-elem-chempionatyna-katysady/