Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду Facebook желісіндегі ең қымбат адам болып танылды

Опубликовано:

Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Facebook әлеуметтік желісіндегі ең қымбат адам екен, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы.

Португалиялық шабулшының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы жарнама құны "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессиден екі есе қымбат. Мұндай ақпаратты Bloomberg агенттігі Repucom орталығының зерттеуіне сілтеме жасап хабарлайды.

Bloomberg агенттігі таратқан мәлімет бойынша, Роналдудың Facebook парақшасындағы бір жарнаманың құны – 144 мың еуро тұрады екен.

Ал, Мессидің парақшасына жарнама жасаушылар 62 мың еуро төлейді. Жалпы, Португалия құрамасы капитанының парақшасына 102 мыңдай адам тіркелсе, Мессидің парақшасына 75 мыңнан астам қолданушы тіркелген.

Facebook парақшасындағы тіркелген адамдар саны бойынша Роналду тек әнші Шакирадан ғана қалып келеді. Криштиану Роналдудың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын алты адам қадағалайды. Олар футболшымен жиі байланысты болып, оның жеке өмірі мен жарнаманы да рет-ретімен салып отырады.

Кейбір деректер бойынша, Роналдудың Facebook парақшасын оның ең жақын досы Альберт Фантрау басқаратын көрінеді. Repucom орталығының Ұлыбритания бөліміндегі басшысы Луиш Коррейаның айтуына қарағанда, өзге спортшыларға қарағанда Роналду Facebook парақшасына өте мұқият қарайды екен.

Сол үшін де ол кез-келген жарнаманы алмай, тек өзіне керектілерін ғана парақшасында жариялап отырады. Десек те, әлемнің ең үздік футболшысына берілетін "Алтын допты" екі мәрте жеңіп алған спортшының бұл басты табыс көзі емес. Роналдудың табысының басым бөлігі Nike, Emirates, Tag Heuer компанияларымен жасалған келісімшарттарынан түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/343359-ronaldu-facebook-zhelisindegi-en-kymbat-adam-bolyp-tanyldy/

pixel