Сабина Алтынбекова әлем сұлулары тізімінде Шарапованы басып озды
Опубликовано:
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық Surabayanews порталының сараптамасы бойынша әлемнің ең сұлу спортшысы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Bnews.kz.
18 жастағы спортшы қызымыз әлем жұртшылығын сұлу келбетімен ғана емес, волейболдағы шеберлігімен де тарта білді.
Сабина өткен жылы Тайпейде өткен Азия біріншілігінде жергілікті жанкүйерлердің назарына ілігіп, ақпарат құралдары ол жайлы жарыса жазған болатын. Қазір бүкіл әлемде Сабина Алтынбекованы білмейтіндер кемде-кем.
Surabayanews порталы жүргізген сараптамада екінші орынды америкалық спорттық гимнастшы Маккайла Марони иеленсе, үшінші орын ресейлік теннисші Мария Шараповаға бұйырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/777512-sabina-altynbekova-alem-sululary-tiz/