Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық зілтемірші қыз әлем чемпионатында топ жарды

Опубликовано:

Жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында 75 кг жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық зілтемірші Надежда Ногай әлем чемпионы атанды.

Екі жаттығудың жалпы есебі бойынша ол 275 кг-ны еңсеріп, алға шықты. Ал екінші орынды Таиландтың намысын қорғаған Дуангансорн Чаиди алса, үшінші орынды тунистік Йосра Диб місе тұтты, деп жазады sports.kz.

Ауыр атлетика. Жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионаты (Әйелдер). Вроцлав (Польша) +75 кг салмақ дәрежесі.

1. Надежда Ногай (Қазақстан) — 275 (125+150)

2. Дуанганксорн Чаиди (Таиланд) — 259 (113+146)

3. Йосра Диб (Тунис) — 251 (111+140)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/788173-qazaqstandyq-ziltemirshi-qyz-alem-chem/