Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде өткен бәйгеде маңғыстаулық адай жылқылар жүлделі оралды

Опубликовано:

Ресейдің Рязань облысы Спасск-Рязанский қаласында халықаралық ат бәйгесі өтті. Оған Ресей, Германия, Қазақстан, Финляндия мемлекеттерінен текті тұқымды аттар қатыстырылды, деп хабарланған Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының сайтында.

Алыс қашықтыққа шабатын ат бәйгесіне Қазақстан атынан маңғыстаулық адай жылқылары қатысып, бәрі жүлдемен оралды.

Соның ішінде Маңғыстау ауданы Қызан ауылынан ат қосқан белгілі атбегі Бұғабай Мұқырбаевтың екі жүйрігі жеңіске жетті: 80 шақырым қашықтық бойынша алғаш рет бәйгеге түскен «Бумер» аты мен 120 шақырымнан «Жары» тұлпары І орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ 120 шақырым қашықтықта ІІ орынды Наталья Долгихтің «Жезкиік» атты жылқысы иеленсе, V, VI орындарды Азат Қойшиев («Ойлы») пен Әбіш Етирековтың («Көкпар») жылқылары олжалады.

Жерлестерінің бұл жеңістерінен жігер алған Дарья Попованың осы тектес «Чекист» тұлпарына да 80 шақырымдық сайыста IV орын бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/841566-reseyde-otken-baygesinen-manhghysta/

pixel