Флойд Мейвезер: Головкиннің кім екенін білмеймін
Опубликовано:
Боксшылардың жетістігін салмақ дәрежесіне қарамастан саралайтын рейтингте көш бастап тұрған 38 жастағы америкалық кіші-Флойд Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жегінің маңыздылығын айтып берді.
"Бертоға қарсы жекпе-жегіңнің трансляциясын сату қиынға түспейді деп ойлайсың ба? Себебі осы күзде PPV-дан басқа да кездесулер көрсетіледі. Мысалы, Котто мен Канелоның және Головкин мен Лемьенің жұдырықтасуы бар", - деген журналист сұрағына Мейвезер Головкинді танымайтынын айтып жауап берген.
"Шыны керек, сіз айтып тұрған Головкиннің кім екенін де білмеймін. GGG-ма? Иа, ол – жақсы. Бірақ менің 160 фунтқа көтерілетін ойым жоқ. Оның жекпе-жектерін көргенмін. Таңқаларлық ештеңесі де жоқ. Алайда мен оған барлық жақсылықты тілей отырып, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімен құттықтаймын", - деді Флойд Мейвезер.
Еске сала кетейік, Головкин Мейвезермен кездесу үшін салмағын түсіруге де дайын болған. Алайда, екі тарап келісімге келе алған жоқ. Геннадий Головкиннің келесі кездесуі 17 қазан күні канадалық Давид Лемьеге қарсы өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/847261-floyd-meyvezer-golovkinninh-kim-ekeni/