Головкин әлемдегі ең үздік боксшылар тізімінде көш бастады
Опубликовано:
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің ең үздік боксшыларының тізімінде көш бастады деп хабарлайды "Хабар" арнасы.
P4P нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік былғары қолғап шеберін анықтау мақсатында баршаға белгілі The Ring басылымы дауыс беру ұйымдастырған болатын.
Бүгінгі күнге тиесілі нәтиже бойынша, қазақстандық Геннадий Головкин тізімде көш бастап тұр. Головкинге қазірдің өзінде 8321 адам дауыс берген.
8313 дауыспен Роман Гонсалес, әзірге екінші орында. Мэнни Пакьяода 917 дауыс. Тізімде Владимир Кличко (444, 2.31%) және Сергей Ковалев (282, 1.47%) те бар.
Сондай-ақ бұл тізімде мексикалық Сауль Альварес пен Лео Санта Крус, америкалық Тимоти Брэдли, Теренс Кроуфорд, Кит Турман және Андре Уорд, британдық Келл Брук және пуэрторикандық Мигель Котто сынды бокс әлемінде өзін мойындатып үлгерген атақты боксшылар бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/896584-golovkin-alemninh-enh-uzdik-boksshylary/