RU

Топ 10 қазақстандық спортшылардың Instagram-аккаунты

Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин және тағы жеті отандық спортшы әлемдік деңгейдегі танымалдыққа ие. Спортшыларымыз халықаралық сайыстарда ел намысын қорғаумен қатар, әлеуметтік желі арқылы өз жанкүйерлеріне де көңіл бөліп үлгеруде.

NUR.KZ порталы buro247.kz-ке сілтеме жасай отырып топ 10 қазақстандық спортшылардың Instagram-аккаунтын назарларыңызға ұсынады.

Геннадий Головкин

https://instagram.com/p/88Y6DTrsPy/?taken-by=gggboxing

Жазылушылар саны бойынша Головкиннің аккаунтын тек Сабина Алтынбекова басып озған. Әлем чемпионы желіде жұмыс сәттерімен ғана бөлісіп, жеке өмірін ортаға салмайтынына қарамастан, жазылушыларының саны толастаған емес.

Илья Ильин

https://instagram.com/p/9BiJmBAKjD/?taken-by=ilyailyin_official

Ал әлемнің үздік ауыр атлеті Илья Ильин болса, керісінше жеке өмірін құпия сақтауға тырысқан емес. Ол жаттығулары мен отбасылық фотоларын жанкүйерлерімен қуана бөліседі. Тіпті не жегенді ұнататынын да жасырмайды. Ең мықты спортшымыз моцарелла қосылған жүгері ботқасын жегенді жөн көреді.

Александр Винокуров

https://instagram.com/p/8-gOH9JkZO/?taken-by=alexandrvinokurov

Александр да өз отбасылық өмірін өзгелердің көзінен аулақ сақтағыштардың қатарынан болмай шықты. Өз балаларының жетістіктерін (егіз ұлдары мен қызы) кәсіби велошабандозшы Instagram-да жиі жариялап отырады.

Ярослава Шведова

https://instagram.com/p/7w52x2CTgJ/?taken-by=slavasays

Ярослава Шведова Твиттердегі жазылушылар саны жағынан көш бастаған Қазақстанның ең танымал спортшыларының бірі. Теннисшінің Instagram парақшасына да жазылушылар көп. Спортшы турнирден, таңғы жүгіруден, бассейнде жүзуден фотоларын жиі жүктеп отырады.

Серік Сәпиев

https://instagram.com/p/8-RMmTnp8E/?taken-by=serik_sapiyev

Қазақстандық боксшы желіде өз фотоларын жиі жүктемесе де танымал спортшылармен кездесуінен фотоларды жанкүйерлерінің назарына салып, қуантып отырады.

Зарина Дияс

https://instagram.com/p/9A3lmJqgnK/?taken-by=zarinadiyas

22 жастағы кәсіби теннисші жұмыстан бөлек ресми емес жағдайдағы фотоларын, гүлдер мен балаларды және мұқабасына өзі шыққан сән журналдарын да жиі жариялап жатады.

Денис Тен

https://instagram.com/p/8-I5XdO44Z/?taken-by=tenis_den

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің екі парақшасы бар. Бірі - кәсіби. Онда Денис пресс-конференциялардан үзінділерді, ресми кездесулердің кадрларын және жаттығу сәттерінен фотоларын жанкүйерлерінің назарына салып отырады. Ал екінші аккаунты жеке фотоларына арналған.

Сабина Алтынбекова

https://instagram.com/p/8uZ5yigTxv/?taken-by=altynbekova_20

Тайбэйде өткен әйелдер арасындағы Азия чемпионатынан кейін қазақстандық спортшының жазылушылары бірнеше тәуліктің ішінде жүзден бірнеше мыңға бір-ақ барған. Ерекше сұлулығының арқасында Алтынбекова әлемнің ең сұлу спортшыларының қатарынан табылды. Оның жанкүйерлер саны күн санап емес, сағат санап өсуде (қазірде олардың саны 511 мыңнан асқан).

Светлана Подобедова

https://instagram.com/p/72tVp9wUzN/?taken-by=svetlanapodobedova

Екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, Қазақстан чемпионы, Азия және Азия ойындарының чемпионы Светлана Подобедованың парақшасындағы басты тақырып, әрине спорт. Алайда нәзік жандыларға тән мысық пен қызыл ерін далабына деген қызығушылық та спортшының парақшасынан көрініс тауып жатады.

Майя Манеза

https://instagram.com/p/79TuHQgA_L/?taken-by=mayamaneza

Қазақстандық ауыр атлет Манезаның Instagram парақшасы екі тақырыпқа бөлінген: отбасы (спортшы қазақстандық ауыр атлет Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шыққан) және спорт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/928530-top-10-qazaqstandyq-sportshylardynh-instagram-ak/