Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең танымал отандық спортшылардың жан жары кімдер?

Опубликовано:

Әлемге аты танымал спортшының әйелі болудың да өз қиындықтары бар. Әр сайыста күйеуі үшін алаңдап, жандарын шүберекке түйіп отыратын отандық танымал спортшылардың жан жары кімдер?

Спортшыларды жаңа жеңістерге шабыттандырып, отбасылық бақытқа кенелткен әйелдердің тізімін ztb.kz сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

Алина Головкина

Жеңілмейтін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің әйелі. Олар 2007 жылдың 7-ші айының 7-ші күнінде некесін қиған.

Қос ғашық 2000 жылы боксшы Серік Елеусізовтің туған күн кешінде танысқан. Алина оның әпкесінің құрбысы болатын. Тойды Қарағандының мейрамханаларының бірінде өткізді. Мерекеге Қазақстанның бокс құрамасы толықтай келді.

Бүгінде Головкин жарымен Германияда тұрып жатыр. Олардың ортақ Вадим есімді ұлы бар.

Мөлдір Сәпиева

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің әйелі. Олардың ортақ Аққу, Алуа және Айсұлу есімді үш қызы бар.

Наталья Ильина

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Ильи Ильиннің әйелі. Наталья – кәсіби гандболшы. Қос ғашық 2012 жылдың 9 қыркүйегінде некелерін қиған.

Ортақ алты жастағы Милана есімді қызы бар. Милана да кішкентайынан спортқа үлкен қызығушылық танытуда.

Меруерт Қыдырбаева

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаевтың әйелі. Екеуі Алматыдағы бір колледжде білім алып, 2012 жылы некелерін қидырды.

Жасұлан мен Меруерттің 2 жастағы Мәриям есімді қызы бар.

Светлана Винокурова

Лондон-2014 олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың әйелі. Александр мен Светлана Петропавл қаласының Бішкүл ауылында танысқан. Светлана жұбайына әлемге танымал болмай тұрып қолдау көрсетіп жүрген.

Ерлі-зайыптылардың 16 жастағы Ирина есімді қызы және 13 жастағы Кирилл және Николя есімді егіз балалары бар.

Ума Смақова

Футболшы Самат Смақовтың әйелі. Қос ғашық 16 жыл бірге тұрып келеді. 10 жастағы Самира есімді қызы мен 7 жастағы Аламгир және 2 жасар Данияр есімді ұлдары бар.

Үлкен ұлы Аламгир футболмен шұғылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/931844-enh-tanymal-otandyq-sportshylardynh-zhan/

pixel