Тараздық жас балуан Әлем чемпионы атанды
Опубликовано:
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Дінмұхаммед Қазыкеев Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен байрақты бәсекеде 30-ға жуық мемлекеттен келген балғын балуандар бақтары мен баптарын сынады, деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметінен.
Дүбірлі додада 96 келі салмақ дәрежесінде 20 жасөспірім өзара мықтыны анықтаған. Нәтижесінде, Д.Қазыкеев «жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар шығып», алтыннан алқа тақты.
«Боз кілемде белдескен жас жігіттің жеңіске деген құлшынысы мен құштарлығы қуантады. Алдағы уақыттарда дайындықты күшейтіп, еліміздің абыройы мен беделін халықаралық додаларда асқақтата береміз», - дейді топ жетекшісі, факультет оқытушысы Қонысжан Танаев.
Айта кетерлігі, бас балуында жарысқа Серік Қалдықұлов дайындады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/942641-tarazdyq-zhas-baluan-alem-chempiony-ata/