Ронда Роузи жарты жыл рингке шыға алмайтын болды
Опубликовано:
Дәрігерлер UFC экс-чемпионы Ронда Роузиге 6 ай бойы рингке шығуға тыйым салды. Енді америкалық спортшы шаршы алаңға 2016 жылдың ортасына таман қайта оралады деп хабарлайды bnews.kz.
Холли Холмға қарсы өткізген жекпе-жекте Роузи басынан соққы алып, есінен айрылған болатын. Күрестен кейін тексеру жүргізген дәрігерлер оған жарты жыл бойы рингке шығуға тыйым салды. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, Роузи 60 күн бойы жаттығу жасай алмайды. Егер спортшының бас сүйегіне жасалған томография дәрігерлердің ойынан шығып жатса, бұл мерзім қысқартылуы да мүмкін. Ал оның бәсекелесі Холли Холм қауіпсіздік шарасы тұрғысынан 7 күнге рингтен аластатылды.
Естеріңізге сала кетсек, шаршы алаңда 12 кездесу өткізіп, барлық қарсыласын айқын ұтқан Ронда Роузи 15 қараша күні алғаш рет өз отандасы Холли Холмнан нокаутпен жеңілді. Сөйтіп, UFC чемпионы титулынан қол үзді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/961782-darigerler-ronda-rouzige-tobelesuge/