jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Сабина Алтынбекова көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді

    Сабина Алтынбекова
    Сабина Алтынбекова. Фото: instagram.com/altynbekova_20

    Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жанкүйерлерінің спорттық мансабын жалғастыру туралы сұрағына жауап берді деп хабарлайды Sports.kz.

    Спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқырмандарының бірқатар сауалдарына жауап қатты. Олардың арасында Сабинаның спорттық мансабы мен алдағы мақсаттары туралы сауалдар бар.

    Волейболшы италиялық клубпен келісімшарты аяқталғанын, алайда спортты тастамайтынын мәлім етті.

    Ол "волейболдағы мансабыңды жалғастырасың ба" деген сұраққа "иә" деп жауап берді.

    Алтынбекованың соңғы клубы итальяндық "Казерта" болды. Ол 2019 жылдың шілдесінде аталған ұжыммен келісімшартқа отырды, алайда қаржылық мәселелерге байланысты италиялық командадан кетті.

    Онда волейболшы бірде-бір матч өткізген жоқ.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз. Спортшының таңдауы Саят Тостықбаев есімді азаматқа түскен.

    Ашық дереккөздерде оның күйеуі туралы ақпарат өте аз.

    "Одноклассники" желісіндегі парақшасында Саят Тостықбаевтың 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.

    Сабина Алтынбекова көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.