jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейде 17 жастағы футболшы алаңда қайтыс болды

    Доп1
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Мәскеудегі әуесқой футбол лигасының матчында қайғылы оқиға болды. Ойынның басында бастапқыда команда сапында болмаған 17 жастағы футболшы есінен танып қалып, көз жұмды деп хабарлайды Газета.ru.

    Оқыс оқиға 26 маусым күні болған. Әзірге өлімнің себебі белгісіз.

    LFL президенті Дмитрий Смирновтың айтуынша, марқұм жігітке алаңда алғашқы медициналық көмек көрсетілген, содан кейін оны жедел жәрдем көлігі жансақтау бөліміне алып кеткен.

    Смирновтың сөзінше, бұл өтініштегі тізімге кірмеген футболшы болған. Кейін оның жеке басы анықталған. Ол 17 жастағы Максим Добровольский есімді жас жігіт болып шыққан.

    "Біз жағдайдың егжей-тегжейін әлі анықтаймыз. Шамамен Эриксенмен болған жағдай сияқты. Ол ойынның басында есін жоғалтты, яғни қақтығыс болған жоқ, шаршамаған. Оған қоса, ойын кешкі уақытта болғандықтан ауа райы да ыстық болмады, айтарлықтай салқын еді.

    Біз өлімнің себебін білмейміз. Ол тізімде болмаған. Досы оны ойнауға шақырған сияқты. Бұл біздің лигада сирек кездесетін жайт", – деп келтіреді Дмитрий Смирновтың сөзін Sport24.

    А мәскеулік "Спартактың" бұрынғы дәрігері Лю Хоншенгтің айтуынша, жас футболшының өліміне инфаркт себеп болуы мүмкін. Ол спортпен айналыспас бұрын адамдарға жай медициналық тексерістен өту керек екенін баса айтты.

    "Егер кездесу кешкі уақытта болса, онда өлім себебі астананың аптап ыстығында емес. Сірә, бұл инфаркт. Адам физикалық күшке шыдай алмай, жүрегі тоқтаған. Медициналық бақылау болмаған. Бұл стандартты тексерістің болмағаны. Адам спортпен айналыспас бұрын медициналық тексерістен өтуі керек", – дейді ол.

    Ресейде 17 жастағы футболшы алаңда қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.