jitsu gif
Спорт

    Сабина Алтынбекованың аяғы ауыр кезіндегі алғашқы фотосы жарияланды

    Сабина Алтынбекова жолдасымен
    Фото: Instagram/sayat_salman

    Желіде отандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың аяғы ауыр кезіндегі алғашқы фотосы жарияланды. Спортшы ару бірер күн бұрын ғана тұңғышын дүниеге алып келген болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сабина Алтынбекованың жүктілігі кезіндегі суретін оның жолдасы Саят Салманұлы бөліскен. Ол аталмыш фотоны Instagram парақшасына жүктеп қойды.

    Суреттен спортшы арудың іші шығып қалғанын байқауға болады. Оған қоса, жолдасы жарының ішінен ұстап тұр.

    "Арыстаным біздің әлемге қош келдің. Әлхамдулиллях", - деп жазды жас әке.

    Желі қолданушылары волейболшы арудың аяғы ауыр болған сәтіне сүйсініп, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

    Сонымен қатар, оқырмандар ерлі-зайыптыларды ата-ана болумен жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.