jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады

    Милад Карими жарыс кезінде
    Милад Карими. Фото: olympic.kz

    29 қазан мен 6 қараша аралығында Англияның Ливерпуль қаласы спорттық гимнастикадан әлем біріншілігін қабылдайды. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар тізімін бас бапкер Александр Ким жариялады.

    Ливерпуль төрінде Қазақстан намысын қорғайтын гимнастар: Милад Карими, Нариман Курбанов, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов және Эмиль Ахметжанов.

    Қазақстандық гимнастар әлем чемпионатында толық құраммен өнер көрсетеді. Нариман Курбанов ат снарядында сынға түссе, қалған атлеттер көпсайыста бақ сынайды.

    Айта кетелік, аталған әлем біріншілігі 2024 жылғы Париж Олимпиадасына лицензия береді. Жарыс қорытындысы бойынша командалық сында алғашқы үш орынды иеленген құрамаларға командалық және жекелей жолдама беріледі.

    Аталған әлем чемпионатында Курбанов пен Каримидің жүлдеге таласатын мүмкіндігі мол. Нариман әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша көш бастаса, Милад Карими екі рет әлем кубогінде медаль алды.

    Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.