jitsu gif
Спорт

    Сауль Альварес қазақтың шапанын киіп, қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

    Сауль Альварес
    Сауль Альварес. Видеодан кадр: instagram.com/suleimen_promotions_official

    Әйгілі мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Боксшының құттықтау видеосын Suleimen Promotions Instagram желісінде жариялады.

    "Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, біздің досымыз Сауль (Канело) Алварес қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Ал Suleimen Promotions ұжымы өз кезегінде қазақтың дәстүрі бойынша боксшының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті", - делінген видео сипаттамасында.

    Ал боксшы: "Наурыз құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді мұнда көргеніме қуаныштымын. Барлықтарыңызды құшақтадым", - деп жылы лебізін білдірген.

    Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысын және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен Қытай, АҚШ, Израиль президенттері құттықтаған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.