jitsu gif
Спорт

    "Моника Беллуччи жетпейді": Сабина Алтынбекованың желідегі жазбасы жұрттың талқысына түсті (фото)

    Сабина Алтынбекова
    Фото: instagram.com/altynbekova_20

    Белгілі спортшы Сабина Алтынбекованың әлеуметтік желідегі жазбасы жұрттың талқысына түсті.

    Сабина Алтынбекова Instagram желісіндегі парақшасында фото жариялап, "Әр табысты әйелдің артында өзі тұрады" деген жазба қалдырды.

    Бұны көрген желі оқырмандарының басым бөлігі спортшымен толықтай келісетінін жеткізген. Сонымен қатар пікір білдіргендердің арасында Сабина Алтынбекованың сұлулығын сөз еткендер де көп болды.

    "Кез келген табысты әйелдің артында оны қатты жақсы көретін әкесі тұрады", "Моника Беллуччидің сұлулығы сізге жетпейді", "Сізбен толықтай келісем", "Өте әдемі әйелсіз", "Сұлулықтың символы", "Сөзіңіздің жаны бар", "Сізге қатты қызығамын", "Өте ақылды, сұлу, әдемі жансыз", "Осындай жазбалар жиі жазып тұрсаңыз", "Керемет", "Тамаша", "Сұлулық әлемді құтқарады", "Жаныңыз да, тәніңіз да сұлу", "Әрбір ісіңізге табыс тілеймін", "Тереңінен ойлайтын жансыз", "Пайдалы жазба үшін рақмет", "Сізге қолдау көрсетіп жүрген жарыңызға ерекше рақмет", "Нағыз үлгі тұтатын жансыз", "Сізбен мақтанамыз", "Сұлулығыңызға сөз жетпейді - деді олар.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Сабина Алтынбекова әлеуметтік желісіндегі парақшасында көпшілікті мазалаған сауалға жауап берген еді.

    Айта кетейік, воллейболшы 2020 жылы жеке кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан болатын. 2021 жылы ерлі зайыптының балалары өмірге келді.

    "Моника Беллуччи жетпейді": Сабина Алтынбекованың желідегі жазбасы жұрттың талқысына түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.