jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ислам Чесноковты қылқындырды: "Тобыл" – "Челябинск" матчында төбелес шықты (видео)

    Ислам Чесноков және Рустам Вазитдинов
    Ислам Чесноков және Рустам Вазитдинов. Скриншот: youtube.com/TobolTV

    Қазақстандық "Тобыл" және ресейлік "Челябинск" футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесу кезінде ойыншылар жаға жыртысып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Тобыл" футбол клубының Youtube-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы Түркияның Белек қаласында маусым алды оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Чурчич Миличтің шәкірттері бүгін, 20 қаңтарда ресейлік "Челябинск" командасына қарсы жолдастық кездесу өткізді.

    Алайда ойынның 64-минутында оқыс оқиға орын алды. Ислам Чесноков алаңның сыртына шығып кеткен допты ойынға қосып жатқан кезде "Челябинск" командасының ойыншысы Рустам Вазитдинов оған кедергі келтірді. Осылайша екі футболшы арасында жанжал туып, ойын алаңына "Тобыл" клубының қосымша құрамдағы ойыншылары мен жаттығу штабының өкілдері шығып кетті.

    Нәтижесінде екі ойыншы да алаңдағы орнын босатты. Ал кездесу 1:2 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді.

    Ислам Чесноковты қылқындырды: "Тобыл" – "Челябинск" матчында төбелес шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.