jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Лицензиялық турнирде жеңіліп қалған қазақстандық боксшыны жанкүйері өлең арқылы жігерлендірді

    Алуа Балқыбекова
    Алуа Балқыбекова.Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде жеңіліп қалып, Олимпиада жолдамасын иелене алмаған қазақстандық боксшы Алуа Балқыбековаға жанкүйері өлең арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова лицензиялық турнирдің ширек финалында Германия өкілі Карина Макси Клецермен жұдырықтасқан еді. Бұл жекпе-жекте 3:2 есебімен неміс боксшысы жеңіске жетті. Осылайша Балқыбекова Олимпиада жолдамасына бір қадам қалғанда сүрінген болатын.

    Қазақстандық боксшыны осы жеңілісінен кейін жанкүйері өлең арқылы қолдады. Алты шумақтан тұратын өлең Алуа Балқыбекованың Instagram-дағы фан-парақшасының Stories-де жарияланды.

    Жанкүйердің Алуа Балқыбековаға арнаған өлеңі
    Жанкүйердің Алуа Балқыбековаға арнаған өлеңі. Скриншот: instagram.com/stories/balkibekova_team

    Айта кетейік, қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында жазғы Олимпиаданың 7 жолдамасы бар. Париж Олимпиадасына лицензия ұтқан қазақстандық боксшылар:

    • 92 келі, Қамшыбек Қоңқабаев;
    • 57 келі, Карина Ибрагимова;
    • 92 келі, Айбек Оралбай;
    • 51 келі, Сәкен Бибосынов;
    • 57 келі, Махмұд Сабырхан;
    • 71 келі, Асланбек Шымбергенов;
    • 80 келі, Нұрбек Оралбай.

    Лицензиялық турнирде жеңіліп қалған қазақстандық боксшыны жанкүйері өлең арқылы жігерлендірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.