jitsu gif
Спорт

    Әйгілі "Манчестер Юнайтед" футболшысының үйін қазақ жігіті салып жатқаны рас па

    Андре Онана
    Андре Онана. Фото: Photo by James Baylis - AMA/Getty Images

    Англиялық "Манчестер Юнайтед" футбол клубының қақпашысы Андре Онананың үйін қазақтар салып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Turkistan TV телеарнасының Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Арыс қаласының тумасы Таңғат Ертай 5 жыл бұрын Африка құрлығындағы Камерун республикасына жұмыс бабымен көшіп барған. Қазір ол Камерунда отбасымен бірге тұрады. Сондай-ақ қазақстандық азамат ірі құрылыс компанияларының бірінде қаржы директоры болып жұмыс істейді.

    Камерунда дүниеге келген әйгілі футболшы Андре Онана жақында туған жеріне барып, ата-анасына үй салып беруді шешіпті. Спортшы бұл істі Таңғат Ертайға сенім тапсырған.

    "Андре Онаның үйін салуды бастадық. Ол анда-санда туған жеріне келіп тұрады, бірақ негізі бұл жақта тұрмайды. Ата-анасына үй салып беруді шешіп, бізге тапсырыс берді. Білуімше, Камерун атақты футболшыларға толы", – деді Таңғат Ертайдың жұбайы Нұрдина Жұмабай.

    Нұрдина – қылқалам шебері. Ол жолдасы тұрғызған үйлерге картина салумен айналысады. Алдағы уақытта жас отбасы елге оралып, мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр.

    Әйгілі "Манчестер Юнайтед" футболшысының үйін қазақ жігіті салып жатқаны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.