jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір-бірін қапсыра құшақтап алған": танымал шаңғышы сүйіктісімен бірге таудан құлап қаза тапты

    Жан Даниэль Пессион мен Элиза Арлиан
    Жан Даниэль Пессион мен Элиза Арлиан. Фото: instagram.com/jeandanielpession

    Италиялық шаңғышы Жан Даниэль Пессион мен оның сүйіктісі Элиза Арлиан таудан құлап қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің жазуынша, шаңғы спортынан әлем кубогінің қатысушысы Жан Даниэль Пессион мен оның сүйіктісі Элиза Арлиан Италиядағы Цербион тауына шыққан. Олар үйге оралмаған соң, отбасылары алаңдап, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Кейін үш тікұшақ, тау-кен құтқару, полиция және өрт сөндіру бригадалары жұмылдырылған.

    "Екеуінің жансыз денелері бір-бірін құшақтап жатқан күйі табылды. Олар дәрігерлер келгенше қайтыс болып кеткен. Екеуі шамамен 2200 фут (700 метр) биіктіктен құлады деп болжанып отыр. Бірақ қайғылы жағдайға не себеп болғаны белгісіз", - деп жазады басылым.

    Пессион шаңғымен сырғанау бойынша 2021 жылғы әлем кубогының турнир кестесінде 15-орын алған. Сонымен қатар италиялық спортшы 2022 жылы өткен әлем чемпионатында үздік 25 шаңғышының қатарына кірді.

    "Бір-бірін қапсыра құшақтап алған": танымал шаңғышы сүйіктісімен бірге таудан құлап қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.