"Жүлде 2 млн теңге": Қазақстан футбол федерациясы үздік спорт журналистеріне жүлде тағайындайтынын мәлім етті
Опубликовано:

Бүгін, 24 шілдеде Астанада спорт журналистері мен комментаторларына арналған жиын өтті. Жиын барысында Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Ермұхаммед Мәулен жыл соңында "Үздік спорт комментаторы" және "Үздік спорт журналисі" сыйлығы табысталатынын айтты, деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Еуропа чемпионатын, Қазақстан чемпионатының ойындарын, Еурокубок матчтары мен ұлттық құрама ойындарын жүргізіп жүрген комментаторларға арнап Қазақстан футбол федерациясы "Үздік спорт комментаторы" жүлдесін тағайындап жатыр. Бұл жүлде қараша айында табысталады. Бірінші орынды алған спорт комментаторы 2 миллион теңгеге ие болады. Ал екінші орын алған комментатор 1 миллион теңге еншілесе, үшінші орынға 500 мың теңге беріледі. Сондай-ақ түрлі басылымдар мен газеттерде қызмет етіп жүрген спорт журналистері де бар. Қазақстан футбол федерациясы ол әріптестерімізге де арнап, "Үздік спорт журналисі" жүлдесін тағайындайды. Бірінші орынға 1 миллион теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың теңге табысталады", - деді ҚФФ президентінің кеңесшісі Ермұхаммед Мәулен.
Сонымен бірге бұл жиынға қатысқан спорт комментаторлары мен журналистері көкейдегі мәселелерін ортаға салып талқылады. Оның ішінде сөз тазалығы, футболдан Қазақстан біріншілігінің сайтындағы статистикалық көрсеткіштерді жаңғырту мәселесі де талқыға түсті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2139306-zhulde-qory-2-mln-tengge-qff-uzdik-sport-kommentatory-men-zhurnalisterine-arnap-zhulde-tagaiyndaidy/