85 жастағы шымкенттік қария Көшпенділер ойындарына велосипедпен жолға шықты
Опубликовано:

Шымкенттік қария Астанада өтіп жатқан Көшпенділер ойындарына велосипедпен баруды жөн санаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.
Телеарнаның сайтында хабарланғандай, 85 жастағы ақсақал 1500 шақырымды велоспиедпен еңсеріп өтіп, жерлестеріне қолдау білдірмек ниетте. Бұл қадам әрі денсаулыққа да пайдалы деп отыр. Елде болып жатқан елеулі шараға үлес қосу әркімнің азаматтық борышы дейді. Осы орайда Астана төрінде өтіп жатқан дүбірлі доданы насихаттап, елдің атын шығаруға атсалыспақ.
Жастайынан велосипед айдап, талай сайыста топ жарғған Кеңесбек Сейдімбекұлы үшін бұл сапар да қиынға соқпайтыны белгілі. Жолаушыны Шымкенттен жерлестері, шәкірттері мен ұл-қыздары шығарып салды.
Батагөй қария бейбіт күнде дүбірлетіп ат шаптырып, той тойлап жүргеніміз ата-бабаның арманы еді деп еске алды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2159302-85-zhastagy-shymkenttik-qariia-koshpendiler-oiyndaryna-velosipedpen-zholga-shyqty/