jitsu gif
Спорт

    "Сәлем, Шымкент": атақты боксшы "Канело" жанкүйерлеріне сәлем жолдады (видео)

    Сауль "Канело" Альварес
    Сауль "Канело" Альварес. Скриншот: instagram.com / orakbaevkanat

    Кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альварес шымкенттіктерге сәлем жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шымкент қаласы бокс федерациясының вице-президенті Қанат Орақбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасына атақты кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альвареспен түсірген видеосын жариялады. Таспаланған видеода мексикалық кәсіпқой боксшы Канело шымкенттіктерге сәлем жолдап жатқанын көруге болады.

    "Сіздерге "Канело" Альварестен сәлем! Сәттілік", - деді аталмыш видеода Қанат Орақбаев.

    Видеоға тілек білдіріп, пікір жазып жатқан жандар да өздерінің оң көзқарастарын танытты.

    "Керемет", "Бұл да бір үлкен достықпен татуластықтың белгісі деп білемін. Жарайсыздар! Еткен еңбектеріңіздің жемісі мен жеңісі тек оңынан болғай!", "Жолыңыз болсын".

    Айта кетейік, мексикалық Сауль "Канело" Альварес кәсіпқой бокста 66 жекпе-жек өткізіп, 62 рет жеңіске жетсе, 2 рет жеңіліс тапқан, ал 2 рет тең түскен. Сондай-ақ "Канело" қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен үш мәрте кездескен. Қос боксшы бірінші кездесуде тең түссе, кейінгі екі жекпе-жекте "Канело" басым болған.

    "Сәлем, Шымкент": атақты боксшы "Канело" жанкүйерлеріне сәлем жолдады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.