jitsu gif
Спорт

    "3200 метр биіктен сырғанаймын": 64 жастағы алматылық әже шаңғы спортымен айналысып жүр (видео)

    Шолпан Нұрсапина
    Шолпан Нұрсапина. Скриншот: instagram.com/tansholpan_tv

    64 жастағы алматылық зейнеткер Шолпан Нұрсапина 6 жылдан бері құзға өрмелеп, қыста тауда шаңғы тебеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Таңшолпан" бағдарламасының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматыдағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешені Шолпан Нұрсапинаның уақыт өткізетін сүйікті жеріне айналған.

    "Бұған келуге қызым түрткі болды. Ол Америкада шаңғы тебумен айналысты. Кейін Алматыға келіп, әрі қарай жаттықты. Мені де осында алып келіп, көрсетті. Шаңғы теуіп жүрген адамдарды көріп осы спортты ұнаттым", - деді зейнеткер.

    Мал дәрігері мамандығын бітірген Шолпан Нұрсапина кейінгі жылдары жеке кәсіппен айналысқан. Ол зейнетке шыққан соң, өндіріс цехын тоқтатып, қысқы спорт түрімен шұғылдана бастаған. Шаңғышы әже 3200 метр биіктен кедергісіз сырғанайды.

    "Алғашында қиын болды, нұсқаушылардың көмегіне жүгіндім. Міндетті түрде нұсқаушылар керек, өйткені жасың келген кезде буындар дұрыс жұмыс істейді. Тау шаңғысы жарақат алу қаупі жоғары спорт түрі ғой. Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктен түсеміз, 3-4 минут уақыт алады", - деді ол.

    Зейнеткер шаңғы тебумен қатар, суда да еркін жүзе алады. Сонымен бірге ол ауа райына қарамастан, тік беткейлерді, қар басқан шыңдарды бағындырған. 64 жастағы спортшы жақында Іле Алатауының "Алматы" шыңын бағындырған. Енді келесі жылы Арарат, Эльбрус шыңдарын еңсеруді жоспарлап отыр.

    "3200 метр биіктен сырғанаймын": 64 жастағы алматылық әже шаңғы спортымен айналысып жүр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.