jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    49 спортшы ақшалай сыйақы алды: Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік төлемдер жіберілді

    Париж Олимпиадасының жүлдегерлері
    Париж Олимпиадасының жүлдегерлері. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Парижде өткен жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік төлемдер жіберілді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасы үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.

    Қаулыға сәйкес, үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды", - делінген хабарламада.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:

    • 1-орын – 250 000 АҚШ доллары;
    • 2-орын – 150 000 АҚШ доллары;
    • 3-орын – 75 000 АҚШ доллары;
    • 4-орын – 30 000 АҚШ доллары;
    • 5-орын – 10 000 АҚШ доллары;
    • 6-орын – 5 000 АҚШ доллары.

    Министрліктің мәліметінше, ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі.

    Сонымен қатар Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.

    49 спортшы ақшалай сыйақы алды: Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік төлемдер жіберілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.